Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 28 ақпандағы

№ 176 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға,

тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалар


1. Негізгі ережелер

 

1. Осы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген санитариялық қағидалар Өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық қалдықтар мен медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, жиналуына, айналымына, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) айқындайды.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1) ағызу станциялары - елді мекендердің кәріз тартылмаған аудандарынан сұйық қалдықтарды кәріз желілеріне жинауға және ағызуға арналған құрылыстар;

2) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы - елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;

3) жоспарлы-тұрақты тазарту - қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;

4) жерді рекультивациялау - белгілі мақсатта пайдалану үшін бұзылған жерлерді, оның ішінде бұзылған жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан жер телімдерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;

5) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік етуінің нәтижесінде қалыптасқан тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку