«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 99 бұйрығы (күші жойылды)
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 99 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 8 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12587 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларында:
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жауапты орындаушы кандидаттың ұсынылған құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) және мемлекеттік қызмет көрсету нысанына сәйкес оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа