(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІ БОЙЫНША КӨЛІК ...
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы
(2018.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.20.06. № 459 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:
1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін, сондай-ақ Қағидаларда көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын;
Редакция документа
Демо – версия документа