(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.28.12 № 1730 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 және «Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру ережесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесін, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1730 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25,235-құжат):
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларында:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат (бұдан әрі - Рұқсат) алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - Өтінім берушілер) уәкілетті органға өтінім береді.»;
Редакция документа
Демо – версия документа