(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДӘРІЛІК ЗАТТЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ БҰЙЫМ МЕН МЕД...
Осы редакция 2019 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 416 бұйрығына
4-қосымша
«Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу,
қайта тіркеу және тіркеу құжатына өзгерістер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.05.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.05.12. № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.05.12. № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 71-бабының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және дәрілік заттардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11338 болып тіркелген).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа