«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 155 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 155 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) орындаушы ұйым - пестицидтердің биологиялық, шаруашылық тиімділіктерін бағалауды жүзеге асыратын, бұл үшін қажетті ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтылымы, тиісті бейіндегі және білікті мамандары, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шiлдедегi № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) сәйкес аккредитациясы бар ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдар, сондай-ақ, пестицидтерді талдау әдістерін токсикологиялық бағалауды, әзірлеуді, бейімдеуді және байқаудан өткізуді, олардың қалдық мөлшерлерін зерделеуді жүзеге асыратын «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредитациясы бар ұйымдардың зертханалары;»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4 және 3-5-тармақтармен толықтырылсын:
Документ не введен в действие
Демо – версия документа