«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 385 бұйрығы
«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 385 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін ЖЖКОБҰ қабылдау комиссиясының хатшысы күнтізбелік жылғы 21 шілдеге дейін 1 (бір жұмыс) күні ішінде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының дерекқорынан мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ҰТО) жалпы дерекқорына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушыға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы анықтама беріледі.
ҰТО күнтізбелік жылдың 22 - 27 шілде аралығында республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарау үшін деректер базасын және қажетті шығыс құжаттарын (білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде жиынтық ведомостарды) әзірлейді.
Демо – версия документа