«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 12 тамыздағы № 68 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 12 тамыздағы № 68 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Ұлттық статистика бюросы) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында үйлестіруді, басшылықты және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру мәселелері бойынша Агенттікке ұсыныстар енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдарды, оның ішінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын, сараптама комиссияларын құру;»;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге деректерді бақылаушыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тарту;»;
Демо – версия документа