«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 2 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 2 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 15 мамырдағы № 5; 2004 жылғы 18 маусымдағы № 10; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 4; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот практикасында жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау жөніндегі заңнаманы қолдану туралы»;
2) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:
«1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы»;
3) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін кемітетін, шындыққа сай келмейтiн мәліметтердің таралуына жол бермеуге бағытталған заңнамада көзделген шаралар жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді қорғаудың тиімді құралы болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңнаманың біркелкі қолданылуы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:»;
4) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа