Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 11 АҚПАНДАҒЫ № 533 ЖАРЛЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
 
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы

(2009.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

ҚР Президентінің  2008.16.10. № 680 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12. № 911 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 366 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы:

1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін;

2) он күн мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі туралы ереженің жобасын енгізсін;

3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 184-құжат; № 48, 591-құжат; 2005 ж., № 6, 49-құжат; № 20, 239-құжат; 2006 ж., № 4, 23-құжат; №15, 140-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку