«Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 451 бұйрығы (күші жойылды)
«Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 451 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11475 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 16 шілдеде № 135 (28863) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қалдықтарды республикалық меншікке беру үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомстволық органның және ведомстволық бағынысты ұйымының (бұдан әрі - ұйым) өкілдері кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтарымен толықтырылсын:
«6-1. Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған радиоактивті қалдықтарға оларды есепке алу, бағалау, әрі қарай пайдалану және сату бойынша осы Қағидалардың нормалары қолданылмайды. Радиоактивті қалдықтар көмілуге жатады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа