(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010.25.06 № 87 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 25 маусымдағы № 87 қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 29 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесінде:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік кәсіпорыннан өзгерту жолымен қайта құрылған жағдайда - қайта құру жөнінде шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша дайындаған қаржылық есептіліктің және өткізу актісінің және тиісті лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта құру жөнінде шешім қабылдаған күннің алдыңғы күнгі жағдай бойынша мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін бағалау туралы есептің (меншікті капитал мөлшерін көрсетуімен) көшірмелері.»;
5-тармақта «қоғам сатып алған кезде» деген сөздерден кейін «және «алтын акцияны» енгізу немесе күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа