Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛ...

Осы редакция 2016 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 529 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен,

байланыс және электр беру жүйелерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен,

су құбырларымен және теміржолдармен және басқа инженерлік желілермен және

 коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру жүйелерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен және басқа инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекетті көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО).

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

ХҚО жүгінген кезде қабылдану күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету қорытындысын қызмет көрету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда береді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку