Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 106 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 106 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларында:

28-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды тұлғадан және (немесе) мемлекеттік мекемеден шетел валютасының банкноттары бар бумалар және монеталары бар қапшықтар қалыптастырылған күнінен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде қабылданады. Парақтап қайта санау уақытында анықталған айналысқа жарамсыз, бүлінген, күмәнді, айналыстан алынатын (алынған), зауыт ақауы бар шетел валютасының банкноттары және (немесе) монеталары қабылдануға жатпайды және заңды тұлғаға және (немесе) мемлекеттік мекемеге қайтарылады.»;

51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«51. Заңды тұлға, мемлекеттік мекеме алған банкноттар мен монеталарды оның уәкілетті өкілі кассадан кетпей тұрып, банкноттар мен монеталарды берген шығыс кассасының касса қызметкерінің қатысуымен қайта санайды және:

1) банкноттарды - будалар және бумалар бойынша, жекелеген парақтарды - парақтап қайта санап;

2) монеталарды - қапшықтарға бекітілген жапсырмалардағы жазбалар бойынша, пакеттердегі монеталарды - олардағы жазбалар бойынша, ал жекелеген монеталарды - бір-бірлеп қайта санап тексереді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку