(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН ӨНIМНIҢ ТРАНЗИТІНЕ РҰҚ...
Осы редакция 2019 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 619 бұйрығына 2-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - Портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен бекітілген, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № ___ болып тіркелген «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Редакция документа
Демо – версия документа