«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 403 Қаулысы (күші жойылды)
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 403 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 Қаулысымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
«3-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы 2013 - 2016 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жұмсайды;»;
мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа