«Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 121 Қаулысы
Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 121 Қаулысы
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамының 100 (жүз) пайыз мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншiктен Алматы облысының коммуналдық меншiгіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Демо – версия документа