Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 733 бұйрығы

«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 733 бұйрығы

 

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына, «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 1-1 және 3-1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген және 2015 жылғы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

«15-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында (бұдан әрі - Банктер және банк қызметі туралы Заң) көзделген операцияны жүргізген кезде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариат куәландырған көшірмесі;

2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.»;

мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку