(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ МЕН...
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы
1997 жылғы 7 мамырдағы № 101 Қазақстан Республикасының Заңы
(2020.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Сенаттың және Мәжілістiң тұрақты комитеттерi, сондай-ақ Парламенттiң бiрлескен комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жұмыс органдары болып табылады.
ҚР 1999.05.19. № 384-1 Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2-бап. Сенат пен Мәжіліс тұрақты комитеттерiнiң және Палаталар комиссияларының өкiлеттiгi мен қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен, Парламенттiң және оның Палаталарының регламенттерiмен белгiленедi.
3-бап. Сенат пен Мәжілістiң тұрақты комитеттерi тиiстi Палатаның депутаттары арасынан Парламенттiң бiрiншi сессиясында құрылады.
Сенат пен Мәжілістiң тұрақты комитеттерiнiң саны, олардың атауы Сенат пен Мәжілістiң отырыстарында тиiстi Палаталар депутаттарының ұсынысы бойынша белгiленедi.
Қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комитеттер құрылуы, бұрын құрылғандарының таратылуы және қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссияларын құру тәртібі
4-бап. Сенат пен Мәжіліс құратын тұрақты комитеттердiң саны әрбiр Палатада жетiден аспауға тиiс.
5-бап. Сенат пен Мәжілістiң тиiстi тұрақты комитеттерi мүшелерiнiң санын Палата анықтайды.
6-бап. Сенат пен Мәжіліс тұрақты комитеттерiнiң төрағалары комитеттердiң саны мен атауы белгiленгеннен кейiн сайланады.
2020.02.06. № 340-VІ ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа