«Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 17 бұйрығы
«Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 17 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 114-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 114-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік ұйымдарының (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты ұйымдар) санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу тәртібін анықтайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің бақыланатын параметрлері бойынша деректер есептіліктің мынадай нысандарында ресімделеді:
1) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша инфекциялық сырқаттанушылықты мониторингілеу;
2) осы Қағидаларға 11, 12, 13, 14, 15, 16-қосымшаларға сәйкес жас санаттары бойынша инфекциялық сырқаттанушылықты мониторингілеу;
Демо – версия документа