«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 231 Қаулысы (күші жойылды)
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 231 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасында:
«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
мына:
«
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі»; |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі»; |
мына:
«1-міндет. Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу.» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1-міндет. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу.»;
«Нысаналы индикаторлар» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
Индикатордың атауы | 2016 жыл (бағалау) | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | Ақпарат көзі | Қол жеткізуге жауаптылар |
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі, мың шаршы метр*, оның ішінде: | 9619 | 10116 | 12097 | 13065 | 14110 | 15239 | ресми статистика деректері | ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
көп пәтерлі тұрғын үй | 4825 | 5116 | 6991 | 7550 | 8154 | 8806 | ||
жеке тұрғын үй | 4322 | 5000 | 5106 | 5515 | 5956 | 6433 |
»;
«Қаржыландыру көздері мен көлемі» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
млрд. теңге
2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл | 2020 жыл | 2021 жыл | Барлығы | |
РБ* | 127,6 | 148,6 | 289,8 | 279,8 | 282, 7 | 1128,5 |
Документ утратил силу
Демо – версия документа