«Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 432-НҚ бұйрығы
«Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 432-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Алым сомасын төлеу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазылған.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда мәліметтердің толық емес немесе анық емес болуы;
Демо – версия документа