«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 474 Жарлығы (күші жойылды)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
«5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер» деген бөлімде:
«5.1. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары» деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«2021 жьшғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз ету үшін нысаналы сипатта болады.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кепілдендірілген трансферт
Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2021 жылы - 2 700 млрд теңгені; 2022 жылы - 2 400 млрд теңгені құрайтын болады.
2023 жылдан бастап Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін айқындау инфляция бойынша ұзақ мерзімді мақсатқа ұлғайтылған нысаналы ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейінде мемлекеттік шығыстардың өсу қарқынына тікелей шектеу белгілейтін контрциклдік бюджет қағидасына негізделетін болады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа