«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1047 Қаулысы (2023.17.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1047 Қаулысы
(2023.17.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2023.13.07. № 559 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 65, 428-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін біріздендіру жөніндегі талаптарды белгілеу;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі (бұдан әрі - АҚ оқиғаларының мониторингі) - ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын анықтау және сәйкестендіру мақсатында ақпараттандыру объектісін тұрақты бақылау;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) мемлекеттік органдардың серверлік орталығы (бұдан әрі - МO серверлік орталығы) - меншік иесі немесе иеленушісі «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын және «электрондық үкіметтің» ақпараттық объектілерін орналастыруға арналған серверлік үй-жай (деректерді өңдеу орталығы);»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа