Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 374 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 374 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережеде:

осы Ереженің 13-тармағында:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Ұлттық санақтар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді;»;

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48) тармақшалармен толықтырылсын:

«21) статистикалық жіктеуіштерді әзірлейді және бекітеді;

22) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

23) пилоттық санақ жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

24) штаттан тыс санақ бөлімінің штат кестесін, құрылымы мен ережесін әзірлейді және бекітеді;

25) санақ парақтарын әзірлейді және бекітеді;

26) ұлттық санақтар жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралдарды әзірлейді және бекітеді;

27) ақпараттық жүйелерді интеграциялаусыз мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлейді және бекітеді;

28) ұлттық санақтар жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен бірлескен актілерді әзірлейді және бекітеді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку