(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСТАНА ОПЕРА» МЕМЛЕКЕТТІК ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2022 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанның опера және балет өнерін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамаға сәйкес:
1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) құратын болсын;
2) қоғам жанында Қамқоршылық кеңес құратын болсын;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қоғамның басшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады деп белгіленсін.
3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа