Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 185 бұйрығы

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 185 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«129. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс өткізу жолымен сатып алу портал арқылы өткізіледі және мынадай кезеңдер көзделеді:

1) конкурстық комиссияны қалыптастыру;

2) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту;

3) конкурстық құжаттаманы порталда орналастыру;

4) конкурсқа қатысуға жіберуге өтінімдер қабылдау;

5) конкурсқа қатысуға жіберуге өтінімдерді ашу, өтінімдердің конкурс талаптарына сәйкестігін қарау, қабылдаудан бас тартылған өтінімдер бойынша деректерді енгізе отырып ашу хаттамасын қалыптастыру, сондай-ақ жоқ немесе қатесі бар құжаттарға сұрау салу және қабылдаудан бас тартылған өтінімдерді конкурс талаптарына сәйкес келтіру;

6) конкурсқа жіберілген және қабылдаудан бас тартылған қатысушылар бойынша ақпаратты көрсете отырып өтінімдерді қарау хаттамасын қалыптастыру;

7) конкурстық өтінімдерді қабылдау;

8) конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету;

9) конкурстық өтінімдерді ашу, комиссияның конкурстық өтінімдерді конкурс талаптарына сәйкестігіне қарауы, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасау және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын жасау;

10) конкурс қорытындылары туралы хаттама жасай отырып, конкурс жеңімпазын айқындау;

11) конкурс жеңімпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт (шарттар) жасасу.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку