Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН САЛУ, РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ, ЖӨНДЕУ...

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 28 ақпандағы

№ 177 бұйрығымен

бекітілген

 

Осы редакция 2020 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде

еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. «Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды.

2. Жұмыс беруші осы Санитариялық қағидалар талаптарына жауап беретін еңбек жағдайын үнемі қолдауды қамтамасыз етеді. Жұмыс орындарында (жұмыс аймақтарында) зиянды өндірістік факторлардың рұқсат етілген шекті деңгейлері мен шоғырлануын сақтау мүмкін болмаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді және «уақытпен қорғану» қағидатын басшылыққа алады.

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) құрылыс-монтаж жұмыстары - мыналарды:

жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды;

ғимараттар мен құрылыстарды (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбырлары, құбыр жолдары, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуды;

желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын;

сыртқы инженерлік желілер қондырғылары мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер орнатуды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку