«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 133 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 133 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 157-1) тармақшамен толықтырылсын:
«157-1) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 478-1) және 478-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«478-1) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) тәртібін әзірлеу және бекіту;
478-2) құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімін жүргізу;»;
483) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«483) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 484-1) тармақшамен толықтырылсын:
«484-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 486-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа