«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 855 Қаулысы
«Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 855 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының басым мақсаттары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
4) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
5) республикалық және жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
6) республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
7) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
8) республикалық бюджетті түзету бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
Демо – версия документа