«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына 7-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.10.07. № 496 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 294 бұйрығына 7-қосымша
«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру»мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа