(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОРНЫ АУЫСТЫРЫЛАТЫН (ТАСЫМАЛДАНАТЫН) ОБЪЕКТIЛЕРДI КЕД...
Осы редакция 2020 жылғы 7 сәуірге енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 7-1/559 бұйрығына
6-қосымша
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
қағидалары
(2019.24.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.24.01. № 26 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 8-тармағына сәйкес әзiрлендi және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015.25.02. № 7-1/136 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
Редакция документа
Демо – версия документа