«Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 5 қазандағы № 723 бұйрығы
«Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 5 қазандағы № 723 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерінде:
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) (бұдан әрі - Жол жүрісі қағидалары) насихаттауға;»;
20-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа