(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫНЫҢ МӘРТЕ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы
(2019.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы болып табылады.
2. Мемлекеттік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және бақылауында болады.
3. Мемлекеттік хатшы қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, осы Жарлық пен Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де актілері құрайды.
ҚР Президентінің 2014.18.04. № 806 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2014.18.11. № 960 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.13.04. № 23 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.12.10. № 187 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Президенті үшін ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:
Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда;
халықаралық қарым-қатынастарда оның мүдделерін білдіреді;
3) мыналардың:
әлеуметтік-гуманитарлық: білім, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы;
Редакция документа
Демо – версия документа