(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ҚАБЫЛДАНАТЫН АДАМДАР ҮШІН АЛҒ...
Осы редакция 2020 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 13 наурыздағы
№ 211 бұйрығымен бекітілген
Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу
қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару
негіздері
1. Осы Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері (бұдан әрі-Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі -Заң) сәйкес әзірленген және ол бастапқы кәсіби даярлыққа іріктеу тәртібі мен ішкі істер органдарына түсетін тұлғалардың одан өту шарттарын, сондай-ақ білім алушыларды бастапқы кәсіби даярлықтан шығару негіздемелерін айқындайды.
2. Ішкі істер органдары (бұдан әрі -ІІО) қызметіне қатардағы, кіші және орта басшы құрамы лауазымдарына кандидаттардың қабылдануы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі -ІІМ) білім ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен соң ғана жүзеге асырылады.
3. Қатардағы, кіші және орта басшы құрамы лауазымдарына орналасуға қойылатын талаптар Заңмен, «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11357 болып тіркелді), «Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12442 болып тіркелді) бұйрықтарымен айқындалады.
Редакция документа
Демо – версия документа