(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕС...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы» 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 және «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы» 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Осы редакция 2025 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Президенттің көмекшісі, төрағаның орынбасары» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі»;
Редакция документа
Демо – версия документа