«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 572 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Комиссияның шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.»;
17-тармақтағы жетінші және он үшінші абзацтар алып тасталсын;
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Ішкі істер органдары:
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке кіруі салдарынан;
егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
Демо – версия документа