(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕР, РЕСПУБЛИКАЛЫ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы
2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы
Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің 2017 - 2019 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінген абсолюттік көріністегі көлемін айқындайды.
1-бап. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлардың көлемі
1. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2017 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 236 808 019 мың теңге, оның ішінде:
Атырау облысынан - 93 073 240 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 28 977 170 мың теңге;
Алматы қаласынан - 95 217 756 мың теңге;
Астана қаласынан - 19 539 853 мың теңге сомасында белгіленсін.
2. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2018 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 252 771 250 мың теңге, оның ішінде:
Атырау облысынан - 98 079 854 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 31 316 423 мың теңге;
Алматы қаласынан - 102 907 355 мың теңге;
Астана қаласынан - 20 467 618 мың теңге сомасында белгіленсін.
3. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке 2019 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 285 972 085 мың теңге, оның ішінде:
Атырау облысынан - 105 177 356 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 35 365 489 мың теңге;
Алматы қаласынан - 115 389 732 мың теңге;
Астана қаласынан - 30 039 508 мың теңге сомасында белгіленсін.
2-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі
1. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2017 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 1 488 290 236 мың теңге, оның ішінде:
Ақмола облысына - 98 876 923 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 52 075 219 мың теңге;
Редакция документа
Демо – версия документа