(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ...
Осы редакция 2016 жылғы 29 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 401 бұйрығына
5-қосымша
«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал)арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - аттестаттау куәлігі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында аттестаттау куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Редакция документа
Демо – версия документа