(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.21.04 № 347 ...
Осы редакция 2016 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 347 бұйрығына
5-қосымша
«Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
2) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:
1) ХҚО-ға немесе порталға жүгінген кезде:
лицензия беру 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
лицензияның қайта ресімдеу 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші ХҚО-ға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Редакция документа
Демо – версия документа