(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИН. 2014.01...
Осы редакция 2014 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 139-ө бұйрығына
2-қосымша
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және көрсетілетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін (бұдан әрі - МБЗТ) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) арқылы;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы;
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа