Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты арнайы есепке алуды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығы (2020.02.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты арнайы есепке алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығы

(2020.02.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 148 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Бас Прокурорының 2017.26.09. № 108 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 16), 17), 18) тармақшаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 17-күніне қалыптастырсын;

2) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты тәркіленген мүліктің сомасы туралы мәліметтерді Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 17-күніне қалыптастырсын;

3) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты өзара құқықтық көмек көрсету және басқа халықаралық сұраулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі - ҚР БП 8-Департаменті) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ ҚМК) мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 12-күніне қалыптастырсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции