(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2004 Ж. 7 ШІЛДЕДЕГІ № 580-II ҚР ЗАҢЫ
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
2004 жылғы 7 шілдедегі № 580-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың қирауы, бақылауға болмайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы;
2) инцидент - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың жұмыс істемей қалуы немесе бүлінуі, технологиялық процестердің режимнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
3) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін физикалық құбылыс;
4) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіге меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде иелік ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;
Редакция документа
Демо – версия документа