Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1998.28.12. № 337-1 ЗАҢЫ

Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337-I Заңы

(2014.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң ұлттық экономиканы импорттық тауарлармен бәсекелестік жағдайына бейімдеу үшін отандық тауар өндірушілерді және Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау мақсатында белгіленетін қорғау шараларын қолдану процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) елеулi залал - Қазақстан Республикасының аумағына тауар жеткiзiп беру көлемiнiң өсуi салдарынан, атап айтқанда, сондай тауар өндiру көлемiнiң қысқаруынан, Қазақстанның iшкi рыногында отандық тауарды өткiзудiң қысқаруынан, сондай тауарды өндiру рентабельдiлігiнiң төмендеуiнен, жұмысқа орналасуға, жалақы деңгейiне терiс әсер етуден бiлiнетiн, Қазақстан Республикасындағы ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауардың отандық өндiрiсi саласындағы ахуалдың жалпы едәуiр нашарлауы;

2) елеулi залал келтiру қаупi - елеулi залалдың анық болмай қоймайтындығы;

3) импорттық квота - Қазақстан Республикасының аумағына тауар импортын оның санына және (немесе) құнына қатысты шектеу;

4) қорғау баждары - ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды отандық өндiрушiлерге елеулi залал келтiруi немесе оны келтiру қаупiн туғызуы мүмкiн болатын мөлшерде және сондай жағдайларда Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қандай да болсын тауар жеткiзiп берiлген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдары алатын кеден бажының мөлшерлемесінен асып түсетін баждар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку