«Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1100 Қаулысы (күші жойылды)
«Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1100 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 846 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) салааралық және ведомствоаралық сипаттағы маңызды міндеттерді шешу мақсатында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған салалық бағдарламаларды әзірлейді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Салалық бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оларды әзірлеу кезінде осы қаулыда белгіленген талаптар сақталады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салалық бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1. Салалық бағдарламалардың тізбесі
7-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган салалық бағдарламалар тізбесін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының тұжырымдалған стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырады және түзетеді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа