Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1073 Қаулысы (күші жойылды)

«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1073 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 707-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларында:

2-тармақта:

4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4) өңірлік индустрияландыру картасы - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын жобаларының тізбесі, олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітіледі;»;

«6) өңірлік үйлестіру кеңесі - жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - кеңес);»;

мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

«11) жауапты мемлекеттік орган - жобаны іске асыруға, сондай-ақ өтініш берушімен келісім жасасуға жауапты мемлекеттік орган;

12) келісім - жауапты мемлекеттік орган (жауапты мемлекеттік органдар) мен өтініш беруші арасында жасалатын, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды және тараптардың жобаны іске асыру бойынша жауапкершілігін көздейтін шарт;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку