(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.14.03 № 323 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 және 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 323 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
10-тармақта:
52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«52) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:
«52-1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;»;
53) тармақша «қызметтің» деген сөзден кейін «, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 3) тармақшасы «көші-қоны» деген сөздерден кейін «, арнаулы әлеуметтік қызметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
2) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
9-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа