Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.21.02 № 103 БҰЙРЫҒ...

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 21 ақпандағы

№ 103 бұйрығымен

бекітілген

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды


«Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша және отбасын біріктіру мақсатында келуге шақыруларды ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша және отбасын біріктіру мақсатында келуге шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке істері бойынша және отбасын біріктіру мақсатында шақыруларды беру рәсімін белгілейді.

2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

4. Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы бөлінісі бастығының мөрімен және қолымен бекітілетін, «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру», «Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша және отбасын біріктіру мақсатында келуге шақыруларды ресімдеу» және «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 113 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша және отбасын біріктіру мақсатында келуге шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі шақыру не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-тармақта көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку