«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 235 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 20 маусымдағы
№ 235 бұйрығына
3-қосымша
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жүргізу тәртібінің
сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін
1) Жеке тұлғаның Стандарттың 9-тармағының 1) тармақшасына сай құжаттар тізбесін (бұдан әрі - құжаттар);
2) Заңды тұлғаның Стандарттың 9-тармағының 2) тармақшасына сай құжаттарды ұсынуы негіз болады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) Жеке тұлғалар үшін:
1 процесс - көрсетілетін қызметті берушінің 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және кеңседе тіркеуі;
Документ утратил силу
Демо – версия документа