(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.11.03 № 152 БҰЙРЫҒ...
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген
Осы редакция 2014 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды ресімдеу рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясының бөліністері (бұдан әрі - көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі өтініш иесіне Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтамалар беру не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлеледі жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністері (жұмыскерлері)
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдары көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері қатысады.
Редакция документа
Демо – версия документа